Аяқталмайтын әдебиет. Жазушының 70 жылы

171
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CXjYF2lqy50P9iD19VFETSRZ5Ry9PXkw7qMhQTQZ.jpg

Бүгін – көрнекті жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың туған күні. Биыл қаламгердің 70 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 

Рахымжан Қасымғалиұлы 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (қазіргі БҚУ – ред.) бітірген. 

Әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетінде редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, Маңғыстау облыстық радиотелевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі қызметтерінде болған. 

Жазушының «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрген. Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. 

«Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нұржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған. 

Ол - Махамбет сыйлығының лауреаты, Халықаралық Айтматов академиясының академигі, Атырау қаласының және Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрметті азаматы.

Жазушы 2018 жылы 17 ақпанға қараған түні Атырауда қайтыс болған.

Айта кетейік, 12 қазанда қаламгердің 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен еді. «Рахымжан Отарбаев мұрасы: ұлттық әдебиет, тарихи сана және рухани сабақтастық» тақырыбындағы жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, әдебиет зерттеушілері мен қоғам қайраткерлері қатысқан.

Комментарии
Другие материалы