Тәуелсіздікке 35 жыл толғанда. АҚШ мемхатшысы Астанаға келеді

234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3ueDA2bchGBQlpTq2zfyT5ylZbHvsZKmFyDZDF47.jpg

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті. Бұл туралы бүгін, 19 қазанда министрліктің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылаған.

Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінін атап өтіп, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, тауар айналымын ұлғайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен 2025 жылғы қарашада өткен кездесуінің қорытындыларын қоса алғанда, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылған.

Мұхтар Тілеуберді іскерлік байланыстарды нығайтудың, америкалық инвестициялар мен озық технологияларды тартудың, сондай-ақ энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өткен.

Сондай-ақ тараптар Майамиде 14-15 желтоқсанда өтетін G20 саммитіне дайындық мәселелері жөнінде пікір алмасқан. 

Бұдан бөлек, Марко Рубио G20 саммитінен кейін Қазақстанға толық форматтағы сапармен келуге мүдделі екенін растаған.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға және нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуге өзара мүдделілік расталды.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқанд қаласына барғанын жазған едік.

Комментарии
Другие материалы