Оман президенті Қазақстанның ЖИ жобаларына назар аударды

71
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Fu6QNwxLBqqxyhxl6PfPA5yRRYFdKMZURAMKBk2E.jpg

Оман Қазақстанмен бірнеше салада ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында айтты.

Оман Сұлтаны екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнағаннан бері Қазақстан мен Оман арасында достық пен өзара сыйластыққа негізделген берік байланыс қалыптасқанын атап өтті.

Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің айтуынша, жоғары деңгейдегі өзара сапарлар, Оман-Қазақстан бірлескен комиссиясының жұмысы және 2025–2026 жылдарға арналған «Жол картасының» жүзеге асырылуы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

«Оман Қазақстанмен көптеген салада ауқымды инвестициялық және серіктестік мүмкіндіктерін көріп отыр. Оның ішінде энергетика және тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі, көлік және логистика, қаржылық қызметтер, туризм, технологиялар және жасанды интеллект салалары бар», – деді Оман сұлтаны.

Ол мемлекеттік инвестициялық қорлар, жеке сектор және бейінді мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты күшейтіп, бірлескен жобаларды дамыту маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар Оман Сұлтаны Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын сауда дәліздеріндегі стратегиялық орналасуына назар аударды. Оның пікірінше, Оманның Парсы шығанағы, Үнді мұхиты, Азия және Африка нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін теңіз инфрақұрылымы екі ел арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға негіз бола алады.

Осыған байланысты Оман порттары арқылы жаңа сауда бағыттарын қалыптастыру және екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселелері қарастырылуда.

Сондай-ақ Қазақстанның цифрлық трансформация мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін екіжақты әріптестіктің маңызды бағыттарының бірі ретінде атады.

Комментарии
Другие материалы