Астанада Оман сұлтанын ресми қарсы алу рәсімі өтті

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JUSzJftQH9bZsY5oYiLKP1lONg2PatmQcz05xjD3.webp

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидті ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тарик Әл Саид ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Одан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Оманның мемлекеттік әнұрандары орындалды. Рәсімнен соң екі ел басшылары келіссөз жүргізуге кірісті.

Айта кетейік, 5 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Оман сұлтанын қарсы алған болатын. Мемлекет басшылары әуежайдың ұшу алаңында қысқаша әңгімелесіп, алдағы келіссөздердің маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтанының сапары Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты байланысты дамыту үшін тарихи маңызы бар екенін айтқан.

«Еліңіз өз өңірінде ғана емес, одан тыс жерлерде, соның ішінде Қазақстанда да лайықты беделге ие. Екі ел арасындағы серіктестіктің әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Алдағы уақытта осы мүмкіндікті толық ашып, тиімді жүзеге асыруымыз қажет», – деді Президент.

Өз кезегінде Хайсам бен Тарик Әл Саид Қазақстан тарапына жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, алдағы келіссөздердің мазмұнды әрі нәтижелі өтетініне сенім білдірді.

Комментарии
Другие материалы