Веложолақ келте жолақ емес. Жұмысы жалғасатыны айтылды

168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BGiZnxOOPuS8y3Dwaqy2NNOv0sveNUgYeVd8QNxf.jpg

Алматыдағы Сәтбаев көшесінде веложолақтың көгалға тіреліп аяқталуы желі назарын аудартты, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұған қатысты қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде қала тұрғыны Сәтбаев көшесіндегі, Satbayev University маңында орналасқан веложолақтың аяқталған тұсының суретін жариялаған. Кадрда веложолақтың үзіліп, тротуар мен көгалға жалғасып кеткені көрінеді.

Жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, тұрғындар жағдайға қатысты түрлі пікір білдірген.

Басқарманың мәліметінше, аталған учаскедегі жұмыстар әлі толық аяқталмаған.

«Қазір мердігер ұйым жұмысты аталған учаскеге дейін жеткізді. Тұрғындарға қолайсыздықты азайту қажеттілігін ескере отырып, жұмыстар құрылыс барысына қарай кезең-кезеңімен орындалып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Басқарма мәліметінше, веложолақ батыс бағытта Байтұрсынов көшесіне дейін жалғасады. Бұл үшін қолданыстағы тротуар кеңейтіліп, оның бір бөлігі веложолақ ретінде қайта жабдықталады.

Комментарии
Другие материалы