Бір күнде үш рет. Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

28 қыркүйек күні түстен кейін Алматы облысының аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстан Ұлттық деректер орталығының (KNDC) мәліметінше, сейсмикалық дүмпу Астана уақытымен сағат 13:53-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 25 шақырым жерде, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 247–254 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі 42,81° солтүстік ендік және 79,89° шығыс бойлық координаттарында тіркелді. Жер сілкінісінің магнитудасы — mb 4,2, энергетикалық класы — K 9,4. Ошақтың тереңдігі 7 шақырымды құрады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің дүмпуі Нарынқол ауылында 2–3 балл, ал Кеген ауылында 2 баллшамасында сезілген. Алайда KNDC деректерінде дүмпудің сезілгені туралы ақпарат болмағаны көрсетілген.

Айта кетейік, 28 қыркүйек күні Алматы қаласында да жер сілкінісі сезілген болатын. Қала аумағындағы қарқындылығы 3–4 балл деңгейінде тіркелді.

Сол күні таңертең Қазақстан аумағында тағы бір сейсмикалық оқиға тіркелген. Құтқарушылар оның ошағының нақты орналасқан жерін хабарламаған және дүмпулердің Алматыда сезілмегенін мәлімдеген.

Кейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада күшті жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжамға қатысты ақпарат таратты. Сондай-ақ Алматы аумағында болған жер сілкіністерінің ошақтарына байланысты жаңартылған мәліметтер жарияланды.

Қазіргі таңда келтірілген мәліметтер бойынша адам шығыны немесе қирау туралы ақпарат жоқ.

Комментарии
Другие материалы