Бұрынғы әйелінің үйіне барған ер адам қамауға алынды

86
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Жамбыл ауданында 62 жастағы ер адам бұрын бірге тұрған әйелге қатысты шығарылған қорғау нұсқамасының талаптарын бірнеше рет бұзған, деп хабарлайды "Адырна".

Сол үшін ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Прокуратураның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері әйелдің мекенжайына отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты төрт рет хабарлама түскен.

Тексеру барысында ер адамның бірнеше жыл бойы бұрын бірге тұрған әйелдің үйіне келіп, жанжал шығарғаны, оның отбасы мүшелеріне қорқыту сөздерін айтқаны және әйелге күш қолданғаны анықталған. Әйелдің мүгедектігі бар.

Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қорғау нұсқамасы шығарылған. Алайда ол нұсқама талаптарын қайтадан бұзған.

Сот ер адамды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сот қаулысы 4 тамызда қабылданған.

Комментарии
Другие материалы