Ұлттық ұлан сарбазы колония маңынан дрон тапты

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cz4RZe6fLS2NLw3e7VuNyfjrImVPtlOLacaOpKqe.webp

Атырауда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі түзеу мекемесінің маңынан ішінде күдікті зат салынған орамасы бар дронды анықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға шамамен сағат 08:30-да болған. Лейтенант Мирас Ысқақиев ҚАЖ жүйесіне қарасты №15 мекемеден бір шақырымдай жерде жүрген кезде жерден ұшқышсыз ұшу аппаратын байқаған. Оның жанында орама жатқан.

Әскери қызметші ораманы тексеру кезінде ішінен өсімдік тектес, жасыл түсті және өзіне тән иісі бар 11 пакет анықтаған.

«Әскери қызметші табылған зат туралы кезекші қызмет арқылы дереу баяндады. Оқиға орнына тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданып, одан кейінгі жұмыстар құзырлы органдарға тапсырылды», – делінген Ұлттық ұлан хабарламасында.

Табылған заттың нақты құрамы мен оның дрон арқылы қандай мақсатта жеткізілгені анықталып жатыр.

Комментарии
Другие материалы