Президент Еуразиядағы көлік байланыстарын нығайтудың маңызын атап өтті

73
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Pj8s2MQXwASjYEPkCZZnY5WpMjbUFcUuWbywbdCf.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Кездесуде Қазақстандағы кеден заңнамасын жетілдіру және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы көлік байланыстарын нығайтуға және жүк транзитіне қолайлы жағдай жасауға айрықша мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ елде кеден рәсімдерін оңтайландыру үшін цифрлық шешімдер қолданылып, «ақылды шекара» моделін дамыту жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Иэн Сондерс Дүниежүзілік кеден ұйымы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың ілгерілеуін жоғары бағалады. Ол кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, заманауи цифрлық технологияларды енгізу және тиісті органдардың институционалдық әлеуетін арттыру бағыттарындағы жұмыстарды атап өтті.

Тараптар 30 жылдан астам уақыт бойы дамып келе жатқан өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Сонымен қатар әлемдік саудадағы жаңа сын-қатерлер мен үрдістер жөнінде пікір алмасты. Орталық Азияның сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Комментарии
Другие материалы