"Ортақ жауапкершілік". Әзербайжан Каспийдің таяздануына алаңдады

208
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/d1vXTZxW7zCuZ2AppfDbDcmTgLTPC39WGpjE6Vlz.jpg

Каспий теңізінің таяздану мәселесі – халықаралық ынтымақтастықты күшейтуді қажет ететін өзекті экологиялық проблемалардың бірі.  Бұл туралы Әзербайжан президентінің климат мәселелері жөніндегі өкілі Мұхтар Бабаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Caliber.Az-ге сілтеме жасап.

«Біздің өңіріміз үшін Каспий теңізінің таяздануы жыл сайын алаңдатарлық мәселеге айналып келеді. Бұл экожүйелерге, елді мекендерге, кеме қатынасына және экономикалық қызметке әсер етуде. (…) Ортақ су ресурстары шиеленіс көзіне айналмауы керек. Керісінше, олар ынтымақтастықтың, тұрақтылық пен ортақ өркендеудің факторы болуы қажет. Әзербайжан үшін климаттың өзгеруі мәселесі –  күн тәртібіндегі ең жоғары саяси басымдықтардың бірі», – деді Бабаев 7 қыркүйекте Бакудегі 2026 жылғы Климаттық іс-қимылдар апталығының ашылуында.

Бабаевтың айтуынша, климаттың өзгеруімен күреске бағытталған шаралар қазірдің өзінде болып жатқан өзгерістерден адамдарды, экономиканы және табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған.

Оның сөзінше, президент Ильхам Әлиевтің басшылығымен Әзербайжан бұл мәселені өңірлік және халықаралық күн тәртібінде жоғары деңгейге көтеру, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттері арасындағы диалогты нығайту бағытында жұмыс жүргізген.

«Ортақ су ресурстары ортақ жауапкершілікті талап етеді. Трансшекаралық өзендер мен көлдердің бассейндерінде 3 миллиардтан астам адам тұрады. Ал климаттың өзгеруі бұл ортақ ресурстарға барған сайын үлкен қысым көрсетуде», – деп қосты ол.

Сурет: minval.az

Комментарии
Другие материалы