Аюларға қарсы арнайы бригада құрылды

190
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ueWoTHV2W1kSizGUcg7YKrLV53gLUJWwEG9q68U2.jpg

Бурятияда елді мекендер мен туристік нысандар маңында аюлардың жиі пайда болуына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы өңірлік жануарлар дүниесін қорғау, бақылау және пайдалану басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, аю аулайтын кәсіби аңшылардан құралған 17 бригада жасақталған. Олар республиканың 10 ауданында жұмыс істейді. Тағы 11 ауданда осындай бригадаларды құру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бригадалар мемлекеттік аңшылық инспекторларымен бірлесіп жұмыс істейді. Олар аюдың тұрғын үйлерге жақындағаны туралы хабар түскен жағдайда оқиға орнына барып, қауіп расталса, жануарды табиғи ортадан алу шараларын жүргізеді. Сонымен қатар өңірде қоғамдық аңшылық инспекторларынан құралған мобильді топтар да жұмыс істейді.

Қорықтар мен ұлттық парктерде аю санын реттеу шараларын әкімшілік өздері жүргізеді. Бұл жұмыстар табиғатты қорғау заңнамасына және келушілер мен экожүйеге төнетін қауіп деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жыл басынан бері Бурятияда аюлардың елді мекендер, автомобиль жолдары, туристік және өндірістік нысандар маңында пайда болған 52 жағдайы тіркелген. Мамандар мұның негізгі себептері ретінде малды бақылаусыз жаюды, ретсіз қоқыс орындарының болуын және тұрғын үйлердің тайгаға жақын орналасуын атап отыр.

Аюлардың елді мекендерге шығу жағдайларының жиілеуіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту туралы шешім 25 тамыздан бастап өңір басшысы Алексей Цыденовтің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр.

Сонымен қатар Бурятия үкіметі аюларды заңды түрде аулауды ынталандыру үшін әрбір ауланған аюға 6 мың рубль көлемінде төлем белгіледі. 2026 жылға бұл мақсатқа өңір бюджетінен 4,7 миллион рубльден астам қаражат бөлінген.

Қазір аңшылардан 50 өтініш түскен. Оның 45-і бойынша тиісті төлемдер жүргізілген.

Комментарии
Другие материалы