Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

227
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xhWclDw47JlBFCLcI0hHDSnVV4SsElH9DpkGA6qO.jpg

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 31 тамызда Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Әр жылдары ол «Астана» телеарнасын, «Нұр-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ны және «Бірінші арна Еуразия» телеарнасын басқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

«Хабар» агенттігінің» басқарма төрағасы ретінде Ләззат Танысбайға агенттіктің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, оның негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту, сондай-ақ «24KZ» телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси арнасы ретіндегі орнын нығайту міндеті қойылды»,–делінген хабарламада.

Бұған дейін «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен кетті.

 

 

Комментарии
Другие материалы