Көкжайлаудағы құрылысқа қатысты аудиожазба жариялаған белсенді қамауға алынды

200
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WArCl7u0wqdm0YKR2h8V6j4ziqAA2zwTPaiC2rDC.webp

Алматыда Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салуға қарсы шыққан белсенді Аруна Ортаева қамауға алынды. Бұл туралы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бюро мәліметінше, белсенді Instagram желісінде құрылыс аумағында кесуге жоспарланған Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің мәселесі талқыланған әкімдіктегі жиналыстан аудиожазба жариялаған.

Сенбі күні тінту жүргізілгеннен кейін Ортаева полиция департаментіне жеткізілген. Оған Қылмыстық кодекстің 148-бабы («Хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарламалар құпиясын заңсыз бұзу») бойынша қорғауға құқығы бар куәгер мәртебесі беріліп, 15 тәулікке қамауға алынған. Бұл бап бойынша 2000 АЕК (8 млн 650 мың теңге) мөлшерінде айыппұлдан бастап, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ортаева жариялаған аудиожазбаларда әкімдік қызметкерлеріне ұқсас адамдар Қызыл кітапқа енген Сиверс алмаларын қалай шабу керектігін, сондай-ақ қоғамдық тыңдауларды қалай дұрыс өткізуді талқылаған.

Қылмыстық іс «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қозғалмаған. Сондықтан жазбада айтылған әңгіме шын мәнінде болған болуы ықтимал.

 

 

Комментарии
Другие материалы