Өзбекстан мен Қырғызстан президенттері Ыстықкөлде кездесті

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/siq1jHDGzTfb0FeNMMhDabbGTEba9hVYmUm60i6l.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың шақыртуымен 30 шілде күні Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қырғызстанның «Ыстықкөл» халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды президент Садыр Жапаров қарсы алды. Ресми қарсы алу рәсімі қырғыз халқының ұлттық дәстүрлерімен ұйымдастырылды.

Сапар аясында екі ел басшылары алдымен шағын құрамда, кейін кеңейтілген форматта келіссөздер өткізеді. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Шавкат Мирзиёев Ыстықкөл облысының Шолпан-Ата қаласында өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Әзербайжан президентінің бейресми консультативтік кездесуіне қатысады.

Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және өзара мүдделі өзекті мәселелерді талқылау көзделген.

Комментарии
Другие материалы