Дрон көмегімен. Бес жүз елу келіге жуық есірткі тәркіленді

174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Қазақстанда жүргізіліп жатқан «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 550 келіге жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құқық қорғау органдары қарасора алқаптарын анықтау үшін тікұшақтар, дрондар және ғарыштық мониторинг жүйелерін пайдаланып жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, операция маусым айынан бері қарасора өсетін өңірлерде жүргізілуде. Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылған.

Іздеу жұмыстары барысында заманауи технологиялар кеңінен қолданылуда. Әсіресе Шу өңірінде дрондардың көмегімен жабайы қарасораның ондаған ошағы анықталып, жойылған. Сонымен қатар операцияға кинологтар мен қызметтік иттер де тартылған. Олар автожолдарда, теміржол нысандарында және есірткінің заңсыз тасымалдануы ықтимал бағыттарда тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.

ІІМ дерегінше, қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысы анықталып, заңсыз айналымға түсетін есірткі заттарының жолы кесілген.

Комментарии
Другие материалы