Венесуэладағы зілзала. Құрбандар саны 4500 адамға жуықтады

369
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dI3Cx8ISCzTXvU6cAHtdI7273yTyMLbhZuaQAE7N.webp

25 маусымға қараған түні Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 490 адамға жетті. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ресми деректерде 4 333 адамның қаза болғаны хабарланған еді. Алайда іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижелері нақтыланғаннан кейін құрбандар саны өскен.

Билік мәліметінше, табиғи апат ел инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келтірген. Жалпы саны 856 ғимарат зақымданған, оның 190-ы толықтай қираған.

Сондай-ақ негізгі жер асты дүмпулерінен кейін мамандар 1 202 афтершокты тіркеген. Бұл құтқару жұмыстарын қиындатып, тұрғындар үшін қауіп-қатерді арттырып отыр.

Табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарына ауқымды күштер тартылған. Құтқару операциясына төтенше жағдайлар қызметінің 31 837 қызметкері, 30 мыңнан астам ерікті және көмек көрсету үшін келген 2 422 шетелдік құтқарушы қатысуда.

Еске салайық, 24 маусым күні Венесуэланың солтүстігінде, ел астанасы Каракастың батысында араға небәрі 39 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісі тіркелген еді. Бұл – соңғы 125 жылдағы елдегі ең қуатты жер сілкіністері.

Комментарии
Другие материалы