Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, Ерлан Қарин бұрын атқарған мемлекеттік кеңесші қызметінен босатылды.
Ерлан Қарин 1976 жылғы 26 мамырда Түркістан облысының Ақсу ауылында дүниеге келген. Ол – саясаттанушы, саясат ғылымдарының кандидаты, ұлттық қауіпсіздік және терроризм мәселелерін зерттеген сарапшы.
1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетін, ал 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын тәмамдаған.
Еңбек жолында жоғары оқу орнында оқытушы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкері, саяси зерттеулер агенттігінің директоры, Премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімін басқарды, «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын және «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясын басқарды.
2019 жылдан бастап Президенттің кеңесшісі, кейін саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметтерін атқарды. 2022 жылғы 5 қаңтардан бері мемлекеттік хатшы, кейін мемлекеттік кеңесші лауазымында жұмыс істеді.
