Қазақстанға батыл әрі нақты шешімдер қажет – Президент

242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NX2QBevWabujmgPcQ6ORctLlUq48uo4EnqZK6xSw.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қазіргі жаһандық қауіп-қатерлер мен сын-қатерлер жағдайында Қазақстанға батыл әрі нақты шешімдер қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы елдің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл оң өзгерістер тұрақты сипатқа ие болуы тиіс.

«Сондықтан біз қол қусырып отыруға құқылы емеспіз», – деді Президент.

Мемлекет басшысы алда тұрған ауқымды әрі күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін жүйелі, табанды және нәтижелі жұмыс қажет екенін айтты.

«Осы кезеңде бірлескен жұмысымыздың қорытындысын шығарып, еліміздің одан әрі даму жоспарын айқындау қажет деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік биліктің жаңа архитектурасын қалыптастыру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі шақырылымдағы Парламент сапалы заң шығару қызметімен және депутаттық корпустың жоғары нәтижелілігімен ерекшеленді.

Комментарии
Другие материалы