Зерттеуші ағылшын тілін меңгеруі шарт. Тек ресейлік еңбектерге жүгінбей, жағдайға кеңірек қарауы керек

168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8VPbu7IPIKMeLnkEHdPpOtXCtPn8JhT30Gkw7ju5.jpg

Диссертациямның тақырыбы бойынша жазылған отандық ғылыми мақаланы көзім шалып қалды. Қазақстаның айналасындағы ақпараттық соғыстар жайлы. 2024 жылы жазылыпты. 

О, бір оқып шығайын десем, тек Батысқа қарсы жазылған еңбек екен. 

Яғни, олар түрлі гранттармен ішкі іске араласып жатыр,  сайттар ашылды, семинарлар өтті. Қазақ-Американ университеті ашылды, Форбс-Қазақстан америкалық журнал, олар ықпал құралы. Шетелде практикадан судья, заңгерлеріміз сол жақтың құндылығын идеал тұтады деп жазып тастаған. Ал Ресейдің ақпараттық шабуылы жайлы ләм мим демеген. 

Қорлар, елшілік гранттар бөліп келгені де, басқасы да рас. Бірақ ғылыми жұмыс болған соң гранттардың қоғамға оң не теріс өзгеріс әкелгенін дәлелдемеген. Фактпен, сауалнамамен не басқамен. 

Бұлар неге олай жазды деп әдебиеттер тізімін қарасам, басым бөлігі ресейлік зерттеушілердің еңбегі екен. Арасында Ресейдің ақпараттық доктринасына да сілтеме жасапты)). 

Мұны неге жаздым? 

Мен 2000 жылдардың ортасында студент кезде осындай "ғылыми еңбектер" мол еді. Онда Қазақстан үшін Батыс пен Қытайды қауіп ретінде сипаттап, дәлелдейтін. Арада 20 жыл өтті. Зерттеушілер буыны ауысты. Сол нарратив, месседж, аргументтер.  Өзгермеген. 

Қалай дегенмен, зерттеуші ағылшын тілін меңгеруі шарт. Тек ресейлік еңбектерге жүгінбей, жағдайға кеңірек қарауы керек. Иә, мен де олардың ғылыми мақаласын оқимын, бірақ тек теориясын алуға болады. Онда пропаганда жоқ. 

Себебі соңғы 10 жылдағы ресейлік саяси ғылымға Кремль пропагандасы мықтап енген. Біздің жас зерттеушілер соны оқып, соларға сілтеме жасап, біздің ғылыми кеңістікке көшіріп әкеледі. Шет тіліндегі мол еңбек оқылмайды. Негізгі проблема - осы.  

Содан кейін ғылыми бейтараптықты сақтау деген мәселе жайына қалады. 

Nurmukhamed Baigarayev

Комментарии
Другие материалы