Жалғызбасты ананы қаққан жүргізушіге үкім шықты

141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BiFfJjyikQb1CusL7scZQNOM9BnLV4b19fWYM7L8.webp

Көкшетауда жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлік тізгініне отырып, жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 2026 жылдың 9 мамырында тұрғын үй ауласына бұрылу кезінде болған. Сотталушы С. күйеуінің денсаулығы күрт нашарлағандықтан, оның рұқсатымен көлікті басқарғанын айтқан. Алайда бұрылыс кезінде көлікті игере алмай, жол жиегімен кетіп бара жатқан 52 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жәбірленуші ауыр жарақаттар салдарынан ауруханада көз жұмған. Марқұмның 12 жастағы баланы жалғыз тәрбиелеп отырғаны анықталды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне шынайы өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа келтірілген материалдық шығынды толық өтеп, кешірім сұраған.

Жәбірленуші тарап сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрап, оған қатысты ешқандай талап-тілегі жоқ екенін мәлімдеген. Алайда аталған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша заңда балама жаза қарастырылмаған.

Сот әйелді 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар оның асырауында екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, тағайындалған жазаны өтеу мерзімін үш жылға кейінге қалдырды.

Ал көлікті басқару құқығы жоқ адамға көлік құралын бергені үшін сотталушының жұбайына қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлінген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Комментарии
Другие материалы