Каспий теңізіне мұнай төгілді

309
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ybt9xNikRPRXyeHaKVU4piPIJ8pd1VjfhABiyn5J.jpg

Каспий теңізінің Әзербайжанға қарасты бөлігінде мұнай төгілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Дюбенді кентінің жағажайы маңында мұнай төгілу фактісі тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға «Азмұнай» өндірістік бірлестігіне тиесілі суасты мұнай құбырының зақымдануынан болған.

Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес, 19 маусым күні жауапты қызметтерге аталған аумақта мұнай іздерінің байқалғаны туралы хабарлама түскен. Жүргізілген тексеру нәтижесінде ластану көзі суасты мұнай құбыры екені анықталған.

Компанияның мәліметінше, оқиғадан кейін аталған құбыр арқылы мұнай тасымалдау дереу тоқтатылып, теңізге мұнайдың одан әрі ағуына жол берілмеген.

Сүңгуірлер жүргізген зерттеу барысында құбырдан механикалық зақым анықталған. Алдын ала болжам бойынша, зақым сыртқы заттың әсерінен, ықтимал кеме зәкірінің тиіп кетуінен пайда болған. Қазір зақымданған учаскеде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның нақты мән-жайы мен келтірілген экологиялық залал көлемі анықталуда.

Комментарии
Другие материалы