«Қара пиар» мен ішімдіктен кейінгі жанжал. ҚазТАГ басшылығына қандай айыптар тағылып жатыр?

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/O7OmMmwZrLhqC9pCjDPMqbbJWeh2nGkgo1hfn87Z.jpg

Қазақстанда «ҚазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы дауға қатысты сот қарауы басталды.

Іс материалдарына сәйкес «ҚазТАГ» агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов «Фридом Финанс» АҚ-ға қарсы ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырды деп айыпталуда. Ал агенттіктің бас директоры Әсет Матаевқа коммерциялық ұйымдағы басқару функцияларын тиісінше орындамағаны үшін және бұзақылық бойынша айып тағылып отыр.

«Фридом Финанс» компаниясының мәлімдеуінше, 2025 жылы «ҚазТАГ» агенттігі компанияға қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырып, алаяқтық, қаржы пирамидасын құру және клиенттердің қаражатын заңсыз шығару туралы айыптаулар қамтылған теріс сипаттағы материалдар жариялаған.

Ал тергеудің мәліметіне сәйкес, «ҚазТАГ» агенттігінің бас директоры Әсет Матаев басқарушылық міндеттерін тиісінше орындамай, редакция қызметіне қажетті бақылауды қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан тергеу дерегінше, «Фридом Финанс» компаниясы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан заң бұзушылықтарға жол берілген.

Әсет Матаев, сондай-ақ, бұзақылық үшін де жауапқа тартылып отыр. 

Еске салсақ, 2026 жылғы 17 наурыздан 18 наурызға қараған түні Алматы қаласындағы «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығының маңында Матаев танысымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен күйде 20 жастағы екі жігітпен жанжалдасып, кейін ол төбелеске ұласқан.
Тергеу мәліметінше, Әсет Матаевтың әрекеттеріне күш қолданумен ұштасқан, адамдар тобы жасаған бұзақылық деген құқықтық баға беріліп отыр.

Бұған дейін «Фридом Финанс» компаниясы «ҚазТАГ» басшылығы өз кінәсін мойындаған жағдайда татуласуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Комментарии
Другие материалы