«Ашық полиция»: Қарағанды облысында киберқылмыстың алдын алу шаралары күшейтілуде

132
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NAILXDEyl1Bgms7bryWYCjWZwVZRFCwaGxQEpO0U.jpg

Қарағанды облысында «Ашық полиция» бағдарламасы аясында тұрғындардың киберқауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық деңгейдегі профилактикалық іс-шара өтті. Іс-шараны Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы прокуратурасымен және Қарағанды қаласы полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.

Басты мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау және киберқауіпсіздік саласының мамандары қатысты. Кездесу барысында интернет-алаяқтардың жиі қолданатын схемалары, әлеуметтік инженерия тәсілдері, жеке деректерді қорғау жолдары, сондай-ақ әлеуметтік желілерді, мобильді қосымшалар мен онлайн-банкинг сервистерін қауіпсіз пайдалану әдістері кеңінен түсіндірілді.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Гүлсара Серікқызы Керімжанова қазіргі таңда ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызы артып отырғанын атап өтті.

– Қоғамның цифрлануы жағдайында біздің міндетіміз – тек құқық бұзушылықтарға әрекет ету ғана емес, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың алдын алу, – деді ол.

Ал Қарағанды қаласы полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Михаил Юрьевич Калашиди киберқылмыстардың күрделене түскенін айтып, тұрғындарды дербес мәліметтерін қорғауға және күмәнді әрекеттерді дер кезінде анықтауға шақырды.

Өңір әкімдігі өкілдерінің айтуынша, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздік деңгейіне тікелей әсер етеді.

Шара қорытындысында мемлекеттік органдардың бірлескен профилактикалық жұмысы киберқылмыстар тәуекелін төмендетуге және азаматтардың цифрлық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.

Комментарии
Другие материалы