Алғашқы сапар. Президент Тоқаев Гонконг басшысымен кездесті

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WLh0FuGpSKifucUG0epXOlRjAXVNwNIW0AjjsjmQ.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Гонконг арнайы әкімшілік ауданы әкімшілігінің басшысы Джон Лимен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу 1 маусымда өткен. Жиын барысында Президент мейманға ілтипат білдіріп, Джон Лидің Қазақстанға алғашқы сапарының маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл сапар Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконгтың халықаралық қаржы және іскерлік орталық ретіндегі рөлін атап өтіп, инвестиция, инновация, технология және халықаралық сауда салаларындағы әлеуетіне жоғары баға берді. Сондай-ақ Президент инвестиция, қаржы, цифрландыру, жасанды интеллект және көлік-логистика бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанға ауқымды бизнес-делегациямен келгені үшін Джон Лиге алғыс білдіріп, бұл Гонконг іскерлік қауымдастығының Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылығы жоғары екенін көрсететінін жеткізді.

Өз кезегінде Джон Ли жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, Гонконгтың Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, сапар құрамындағы делегация шетелге шыққан ең ірі делегациялардың бірі болып отыр. Құрамына логистика, жасыл энергетика, тау-кен өнеркәсібі, инновация, технология және білім беру салаларында жұмыс істейтін 75 ресми тұлға мен кәсіпкер енген.

 

Комментарии
Другие материалы