Былтыр құлаған дрон. Биыл да қай елдікі екені анықталмапты

247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UY5wvmqjZKtisAePS42orGv4Y2vdmuIK0idRlODT.webp

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ел аумағынан табылған ұшқышсыз аппараттардың қай мемлекетке тиесілі екенін әзірге анықтай алмады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмедиев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде тараған дрон туралы видео жаңа оқиғаларға қатысы жоқ. Ахмедиевтің нақтылауынша, бұл жазба өткен жылдың 19 маусымында болған оқиғаға қатысты.

Қазіргі таңда дрондардың табылуына қатысты барлық оқиғаларды арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы тексеріп жатыр. Оның құрамына Қорғаныс министрлігі мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері енген. Тергеу аяқталғаннан кейін қоғамға толық ақпарат берілетіні айтылды.

Әзірге табылған ұшу аппараттарының шығу тегі белгісіз күйінде қалып отыр.

Еске салсақ, 2025 жылдың жазында Қарақия ауданы тұрғындары Болашақ станциясы маңынан дронға ұқсас нысанды тапқан болатын. Сол кезде полиция құрылғы елді мекендерден алыс жерден табылғанын және тұрғындарға қауіп жоқ екенін хабарлаған еді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысы аумағында бірнеше рет дрондар мен олардың бөлшектеріне ұқсас заттар табылған. Кейін Қорғаныс министрлігі аппараттардың шығу тегін анықтау үшін әскери мамандар мен құзырлы органдар қатысатын арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеген болатын.

Комментарии
Другие материалы