Атыраудағы қанды қылмыс. Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

185
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OoF5UPOBYvjLUkJH666rCsa1k8SnylAO3g9mpGWg.webp

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жаңа мәлімет айтылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыс прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек  марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылғанын жеткізді.

«Әйелдің кісі өлтіру фактісіне қатысы болмағандықтан, оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Алайда қылмыс туралы хабарламағаны үшін бөлек іс тіркелді. Дегенмен, бұл іс бойынша әлі құқықтық баға берілген жоқ. Ақбаян Мұқанғалиева күдікті ретінде танылмаған және оған ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмаған»,- деді ол.

Айтуынша, Алматы қаласында Мұқанғалиеваға қатысты психиатриялық сараптама жүргізілген. Бірақ оның қорытындысы әлі прокуратураға түспеген.

«Сараптама қорытындысы дайын деген ақпарат бар, бірақ біз әлі алған жоқпыз. Құжат түскен соң зерттеледі. Қажет болса, қосымша сараптама тағайындалады», – деді Жандар Болатбек.

Айта кетейік, Атырауда бүтін бір отбасының өліміне қатысты алғашқы сот отырысы 18 мамырда өтеді. Әулеттің бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев сотта 13 эпизод бойынша жауап бермек.

Комментарии
Другие материалы