Қазақстан Президенті Өзбекстанға барды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wVb62h7KtBql0G1DVyuwGdvWyl7pwPPwHsHVYkgJ.webp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды, де хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысын Бұқара қаласының әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Салтанатты қарсы алу рәсімінде мәртебелі мейманның құрметіне ұлттық ән мен би орындалды. Ресми шара екі ел арасындағы достық пен стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін айқындай түсті.

Ақорданың мәліметінше, мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, Бұқара қаласындағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысандарын аралайды. Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Мемлекет басшысының сапары Бахауддин Нақышбанди кесенесіне зиярат етуден басталды. 

Комментарии
Другие материалы