Жантүршігерлік жол апаты. ІІМ тергеуді күшейтті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматыда болған резонансты жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу күшейтілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі мәліметінше, тергеуді күшейту туралы тапсырма Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан 30 наурыз күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берілген.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов оқиға бойынша жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ZEEKR көлігінің жүргізушісі сот шешімімен қамауға алынған. Анықталғандай, ол жол апаты кезінде мас күйде болған.

Сонымен қатар, бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетсіздігі және мемлекеттік нөмірлік белгілерді заңсыз беру фактілері бойынша да қылмыстық істер қозғалды. Бұл істерді ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік департаменті тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта қоғамдық кеңістікте таралған барлық ақпарат мұқият қаралуда.

Оқиғаның мән-жайын толық әрі әділ анықтау үшін Алматыға арнайы ІІМ комиссиясы жіберілді. Оның құрамына Ішкі қауіпсіздік департаменті, Әкімшілік полиция комитеті және кадрлармен жұмыс департаментінің өкілдері кірген.

Ведомство қаладағы қоғамдық тәртіпті бақылауды да күшейткенін атап өтті.

Комментарии
Другие материалы