Әбілқайыр туралы кітапты заңсыз шығарған. Шенеуніктер айыпталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/p6sZQ09pA1rnPtTnl20WctNHYn9efHfzzBuw47x4.jpg

Ақтөбе облысында шенеуніктер Әбілқайыр хан туралы кітапты авторлық құқықты бұза отырып шығарған деп айыпталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кітап екі жыл бұрын жарық көрген. «Әбілқайыр хан: қолбасшы, саясаткер» атты қазақ тіліндегі монография  оқырмандар тарапынан оң бағаланғанымен, Әбілқайыр хан халықаралық қоры мен «Дайк-Пресс» баспасы сотқа жүгінген.

Іс материалдарына сәйкес, шамамен 20 жыл бұрын «Дайк-Пресс» баспасы қазақстандық тарихшы Ирина Ерофееваның «Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик» атты орыс тіліндегі еңбегін шығарған. Автор сол кезде бұл еңбекке қатысты айрықша мүліктік құқықтарды халықаралық қорға және баспаға ресми түрде берген. Алайда қазақ тіліндегі нұсқасын шығару барысында олардың келісімі алынбаған.

Сотта белгілі болғандай, кітапты қазақ тіліне аудару бастамасын жергілікті белсенді көтерген. Ал әкімдік бұл ұсынысты қолдап, қаржыландыру үшін «Парыз» қоғамдық қорын тартқан.

Жауапкерлер өздеріне тағылған айыпты мойындамаған. Ал бастамашы, аудармашы жұмыстың мақсаты Әбілқайыр ханның мұрасын насихаттау болғанын, коммерциялық пайда көзделмегенін алға тартқан.

Сот істі қарау нәтижесінде талап арызды ішінара қанағаттандырды. Қазақ тіліндегі монографияны шығару заңсыз деп танылып, жауапкерлерге авторлық құқықтың бұзылғаны туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеттелді.

Алайда талапкерлердің кітапты айналымнан толық алып тастау туралы талабы орындалмады. Сот барысында 1000 дана кітаптың нақты қайда екені анықталмағандықтан, бұл талапты орындау мүмкін болмаған.

Қазіргі уақытта жауапкерлердің сот шешіміне шағымдануға мүмкіндігі бар

Комментарии
Другие материалы