Қазақ күйінің Қаршығасы

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vFvdOEVHCyiJG8Tltav9j3Gz1Ys9YNi7I4oSsYFZ.jpg

Бүгін, 25 наурызда белгілі күйші,  Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1946 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. Күйге құмар бозбала Алматы мемлеткеттік консерваториясында Қали Жантілеуов, Құбыш Мұхитов, Уәли Бекенов сияқты майталмандардан дәріс алған. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, концертмейстер, дирижер қызметтерін атқарған. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында  шәкірт тәрбиелеумен қатар зерттеу жұмыстарымен айналысқан.

Қаршыға Ахмедияров –  «Нарын, «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз ғұмыр», «Ақ қайың»,  «Алтын ұя» секілді көптеген күйлердің авторы. Сонымен қатар Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сында атақты күйшілердің күйлерін жинап, «Атырау» деген күйлер жинағын жарыққа шығарған. «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрген. 500-ден аса күйі радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дәулескер күйші-домбырашы, талантты композитор 2010 жылы 65 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Комментарии
Другие материалы