Лос-Анджелестегі қазақстандық боксшының үйі өртенді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TZZMPaZbGfyU0KQFJ2DSOYbPEc6LUiDF5VsfHBpB.jpg

Лос-Анджелес қаласында тұратын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің үйінде өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

37 жастағы спортшы оқиғаның видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Спортшы бейнеде отбасымен бірге достарына қонаққа бармас бұрын үйден күйген иіс шыққанын айтады. Гаражды ашқанда үйдің бір бөлігі отқа оранғанын көрген Әшкеев отбасы мүшелерін сыртқа шығарған.

Құтқарушылар оқиға орнына келген бойда өртті сөндірді. Қазіргі уақытта Әшкеевтің отбасы уақытша достарында тұрып жатыр. Бірнеше сағаттан кейін спортшы Instagram арқылы өрттің салдарын көрсетіп, ешкім зардап шекпегенін атап өтті.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев Қазақстан чемпионаты мен 2014 жылғы Әлемдік бокс сериясының (WSB) қола жүлдегері. Ол Солтүстік Америка бокс федерациясының (NABF) және Ұлттық бокс ассоциациясының (NBA) чемпиондық атақтарының иегері.

Комментарии
Другие материалы