Таяу Шығыстағы шиеленіс. 1 мыңға жуық қазақстандық елге қайтарылған

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gSq0jbxANNsWwXbO5yji6aKgwjGuqPHA5k9ORMDJ.webp

4 наурызда Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

 KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;

 KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;

 KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;

 KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.

 Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар»,- делінген хабарламада.

 Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылған.

 Комитет Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Комментарии
Другие материалы