Иран ядролық нысаны шабуылға ұшырағанын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mYHgrh7sEI2v9CNKTuZzbPsZAZKesTBe6ku2sGls.jpg

АҚШ пен Израильдің шабуылдары нәтижесінде Натанздағы ядролық нысандар зақымдалды. Бұл туралы Атом қуаты халықаралық агенттігіндегі Иранның тұрақты өкілі Реза Наджаф айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.

«Кеше тағы да Ирандағы қорғалатын бейбіт ядролық нысандарға шабуыл жасалды. Олар Иран ядролық қару жасап жатыр деген сылтау айтады. Бұл жалған ақпарат»,– деді Наджафи.

2025 жылдың 13 маусымында басталып, 12 күнге созылған соғыс барысында Израиль Иранның әртүрлі қалаларына кең ауқымды шабуылдар жасап, әсіресе ядролық нысандар мен елдің жоғарғы әскери басшылығын нысанаға алған еді.

АҚШ Израильді ашық қолдап, 22 маусымда Ирандағы үш ядролық нысанға — Натанз, Фордо және Исфахан қалаларындағы объектілерге соққыларын жасаған.

Ал 28 ақпанда Израиль Иранға алдын ала соққы жасады. Алғашқы соққының бірінде елдің жоғары рухания басшысы аятолла Хаменеи бастаған 40 әскери басшы қаза тапқан. Қазір елдің бүкіл аумағында төтенше жағдай енгізілді. Сол кезде Дональд Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды операция бастағанын мәлімдеген.

 

Комментарии
Другие материалы