Назарбаевқа "қателессең, кешірім сұра" деген сұңғыла жырау

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vEpB0gSVrduwvV155J4AWqWLpJjb4waS7QZJW1RC.jpg

Бүгін белгілі халық ақыны, фольклоршы, сазгер Шәкір Әбеновтің туғанына 125 жыл толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1901 жылы Абай облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. Ең алғаш шыққан «Борсықтар» атты өлеңі 1916 жылы «Айқап» журналында басылған. Ұлы Отан соғысына қатысып, жараланып майданнан елге оралған. Совхозда жұмыс істей жүріп шығармашылықпен де айналысқан. Ақын қаламынан туған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Кейпін батыр», «Ортақ арал», «Таңшебер-Жапал» поэмалары көпшіліктің көңілінен шыққан.

Ескі шежіре, халық әдебиетінің білгірі Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше секілді ақындардың мұрасын тұңғыш рет қағазға түсірген. Музыка мамандары Шәкір Әбеновтің айтуымен көптеген ән мен күйлерді нотаға жазып алған.

Шәкір Әбенов – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру рәсімінде бірінші бата берген ақсақал. 91 жастағы ақын батасында халықтан кешірім сұрап, өз қатесін өзі түзеу керектігін айтқан еді.

«Негізгі бата – Нұрсұлтанға халықтың батасы. Ол үшін үш міндет атқаруы керек. Бірінші, жұмыскер, диханшы, мал өсіруші шаруалардың еңбегіне ысырап жасатпай, дұрыс басшылық беріп бақылап отыру. Екінші, халыққа зиян келтіретін зорлықшыл зұлымдарға аяусыз жаза беріп, тыйым салу. Үшінші, әлдеқандай себеппен өзі қаталасса, халықтан кешірім сұрап, өз қатасын өзі түзеу»,- деген еді халық ақыны.

Оның беретін батасының мәтінін ешкім алдын-ала тексермеген, себебі ақсақал айтар сөзін қағазға жазып, дайындамайтынын жеткізген.

 

Комментарии
Другие материалы