ҚР ОСК мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерін қолжетімді ету шараларын ұсынды

37
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yg5N1MDACus0y83O3R2ZCkGbD0CFnuVnLtWR14sH.jpg

2026 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында сайлау учаскелерін қолжетімді ету бойынша бірқатар шаралар мен пилоттық жобалар талқыланды.

ОСК хабарлауынша, электоралдық науқандар кезінде учаскелерді бірінші қабатта орналастыру, пандустар, көтергіш құрылғылар, тактильді бағыттағыштар, шақыру батырмалары және автокөліктерге арналған арнайы тұрақ орындарымен жабдықтау арқылы мүгедектігі бар азаматтар үшін қажетті инфрақұрылым қамтамасыз етілуде.

Аумақтық комиссиялар мәліметіне сәйкес, учаскелерде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар үлкенейткіштер, құлаққаптар, арнайы дауыс беру кабиналары және ақпараттық материалдармен жабдықталған. Сонымен қатар, көру қабілеті бұзылғандарға аудиоақпарат, есту қабілеті төмен азаматтарға сурдоаудармамен бейнематериалдар, кресло-арбамен жүретіндерге бейімделген ақпараттық материалдар ұсынылады.

Референдумға арналған шақыру қағаздары QR-кодпен әзірленіп, үйлерді аралау барысында азаматтардың арнайы қызметтерге қажеттілігі нақтыланатын болады. Бюллетеньдерде Брайль қарпімен трафареттер, аудиобюллетеньдер барлық сайлау учаскелерінде қолжетімді болады. Сонымен қатар Конституция жобасының аудионұсқасы да орналастырылатын болады.

Жиында сондай-ақ барлық деңгейдегі референдум комиссияларының мүшелері үшін мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша бейнекурс ұйымдастырылғаны хабарланды.

Ақтөбе және Павлодар облыстарының тәжірибесі бойынша учаскелерде электрондық үлкейткіштер, индукциялық ілмектер, жарықтық және дыбыстық ақпараттандырғыштар, сондай-ақ Брайль қарпімен көрсетілген учаске сызбалары қолданылуда. Бұл тәжірибелерді басқа өңірлерде енгізу жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пысықталуда.

Комментарии
Другие материалы