Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттайды

71
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sLXWMuKjHAvoiSRCedS49kBE7UGutfNtvwIx6wrU.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент спортшының отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алуын тарихи маңызы зор жетістік ретінде бағалады.

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі мен жеңіске деген жігері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, спорт жанкүйерлері мен ел азаматтарының бұл жетістікті мақтан тұтатынын атап өтті.

Президент шешімімен Михаил Шайдоров II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталады. Сонымен қатар жаттықтырушыларға және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірілді.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары чемпионы атанды. Осы жетістік нәтижесінде Қазақстан Әнұраны қысқы Олимпиада төрінде 32 жылдан кейін қайта шырқалды.

Комментарии
Другие материалы