Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qIr3A6MgiXEI6Ukfo9Qh2cPcjiBJcnv86SYsndoW.jpg

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан туған үйге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды "Адырна".

Қосшы әкімдігінің мәліметінше, 31 қаңтар – Ұлдана Мырзуанның туған күні. 

Марқұмның туған күнінде ол тұрған үйдің ауласына жиналған қауым фельдшердің жарқын бейнесін, ел есінде қалған еңбегін және адамдық асыл қасиеттерін тағы бір мәрте еске алды. 

Қосшы қаласында фельдшер тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Ұлдана Қалдарханқызы қысқа ғұмырында кәсібіне адалдықтың, адам өмірі үшін күрестегі батылдық пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Оның ерлігі – кейінгі ұрпаққа өнеге.

"Орнатылған ескерткіш тақта – өткенге тағзым мен ерлікке құрметтің белгісі. Бұл елге адал қызмет еткен азаматтардың есімі ұмытылмайтынын көрсететін тағылымды қадам", – делінген әкімдік хабарламасында.

Комментарии
Другие материалы