Қоқыс және Назарбаева. Әлияның фирмасына айыппұл салынды

253
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hKkE9DjeFLz7EFym26cCWMsVoKqhFddPaUd5LFuZ.jpg

Астанада «Astana Recycling Plant» компаниясына бағаны негізсіз көтергені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Арнайы әкімшілік соттың шешімімен компанияға жалпы сомасы 54 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелген. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі соманың толық өтелгенін жеткізді.

Ақпаратқа сәйкес, БҚА департаменті Астана қаласының Байқоңыр ауданы прокуратурасын үйлестіру кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қызметтер саласында тергеу жүргізген.

«Тергеу барысында «Astana Recycling Plant» ЖШС қызметінде 2023 жылдың екінші жартыжылдығында ҚТҚ қабылдау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қызметтер нарығында монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактісі анықталды. ҚТҚ қабылдау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қызметтерді көрсетуге байланысты емес шығындар көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнына негізсіз жатқызылғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Kompra мәліметтеріне сүйенсек, аталған кезеңде «Astana Recycling Plant» кәсіпорнының жалғыз құрылтайшысы — «Green Future Management Ltd» жеке компаниясы болған. Журналист Дмитрий Шишкиннің ақпараты бойынша, бұл компанияның құрылтайшысы әрі жетекшісі ретінде Мақсат Молдашов тіркелген. Ол Әлия Назарбаеваның және оның немере сіңлісі Карина Алпысбаеваның құрылымдарымен байланысты тұлға ретінде белгілі. Шишкин бұған дейін атап өткендей, «Green Future Management Ltd.» компаниясы Қазақстанның экс-президентінің кенже қызына тиесілі қоқыс өңдеу және кәдеге жарату бизнесінде жүйе құраушы рөл атқарған.

Айта кетейік, 2023 жылғы қыркүйекте министр Ерлан Нысанбаев компания қоқыс тасымалымен айналыспайды деп мәлімдеген, бірақ кейін бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні белгілі болған.

Комментарии
Другие материалы