Ақын Жандарбек Бұлғақовтың басы дауға қалды

306
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3NMo4DNzfcy1AMz7Yrn1U6f70RjMkN2wnm3t6IoJ.webp

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов әлеуметтік желіде әнші Yenlik әнін талқылап, сынға ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақын BIPL әніне қатысты айтқан сынынан кейін туындаған пікірталасқа жауап берді.

Ақын Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында тараған талқылауларға түсініктеме беріп, бастапқыда қойылған сұрақ тек әннің мазмұнына қатысты болғанын атап өтті. Оның айтуынша, пікір білдірушілердің бір бөлігі әннің мағынасын түсінгенін немесе түсінбегенін байыппен жеткізген.

«Жарықтық Threads парақшам бір аунап түсіпті ғой. Ал, талаңдар мені, қазір жауап беремін.
Біріншіден, “Бұл қай ән? Кім не түсінді?” деген сұрақ қойылды. Оған “Бұл — Еңліктің әні, мағынасы осындай” немесе “Дым түсінбедім” деп сауатты, салқынқанды жауап бергендер бар. Негізгі шаруа сонымен бітті», — деп жазды ол.

Сонымен қатар Жандарбек Бұлғақов өзіне тағылған «қыз баланы сынады» деген айыптаулармен келіспейтінін білдірді. Айтыскердің айтуынша, ол өнерпаздың жеке тұлғасына емес, тек шығарманың тақырыбы мен мәтініне назар аударған.

«Өнерпаздың жынысы, сыр-сымбаты, тұлғасы мен әншілігі туралы бір ауыз сөз айтылған ба? Тақырып мәтін емес пе?» — деп түйіндеді ақын.

Комментарии
Другие материалы