Боранға байланысты екі облыста жол жабылды

109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wNrWCywaxO6TYdk6PzSqgouNbHqmQdoER9DWZWL5.jpg

Қазақстанның екі өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды, деп хабарлайды "Адырна". 

10 қаңтар күні сағат 21:45-тен бастап боран мен көктайғақтың күшеюіне байланысты Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жүк көліктері мен қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында «Ресей шекарасы – Марток – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы» тасжолының 965-1240 шақырым аралығы, яғни Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі бөлігі жабылды.

Ал Қызылорда облысында осы бағыттағы жолдың 1240-1362 шақырым аралығы — Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі аумақта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жолдарды қайта ашу 11 қаңтар күні таңғы сағат 07:00-ге жоспарланып отыр.

Мамандар жүргізушілерге ауа райы жақсарғанша алыс жолға шықпауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және ресми дереккөздерден ақпаратты тұрақты қадағалап отыруға кеңес береді.

Комментарии
Другие материалы