Кеше министрлікте болған АҚШ елшісін бүгін Президент қабылдады

278
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/veJxOYGqL5ILr5DKZtjSbyMWy4fg2dy7h03wTqTi.jpg
Бүгін, 9 қаңтарда Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты.
"Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Саяси, сондай-ақ экономикалық бағыттағы ықпалдастық аясын кеңейту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз", – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды.
"Президент Дональд Трамп мырзамен достық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіссөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастығымызға қатысты көптеген мәселені талқыладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Біз көптеген саладағы стратегиялық серіктестігімізді дамытып, нығайтуға күш саламыз", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.

АҚШ елшісі Джули Стаффт кеше Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың қабылдауында болып, сенім грамотасының көшірмесін табыс еткен болатын
Комментарии
Другие материалы