Бірнеше өңірде жаңа казино ашылмақ

104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yCKssPE5QIdqJzYF0K0j9SU10YJ0nQmvLtZwEfNn.jpg

Қазақстанда жаңа ойын аймақтарын ашу жоспарланып отыр. Олар Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы туризм және спорт министріне сілтеп.

Қабылданған заңға сәйкес, Бурабай мен Қапшағайдағы қолданыстағы ойын аймақтарынан бөлек, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданындағы Алакөл көлінің маңында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл аумағы мен Зайсан ауданында казино орналастыру көзделіп отыр. Алайда нақты қай мекенде орналасатыны әзірге белгісіз.

Министрдің айтуынша, ойын аймақтары орналасатын нақты жер телімдерін жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Бұл шешім инфрақұрылымның дамуы мен өзге де факторларға байланысты қабылданады. Ербол Мырзабосынов ойын аймақтарын дамыту туризмді ілгерілетудің бір тетігі ретінде қарастырылып отырғанын және мұндай тәжірибе көптеген елдерде қолданылатынын атап өтті.

Сондай-ақ министр әрбір жаңа казино жылына бюджетке шамамен 2–3 миллиард теңге көлемінде салық түсіріп, 500-ге жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін айтты. Ол ойын бизнесіне салықтық жеңілдіктер қарастырылып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарып, казинолар әрбір ойын үстелі үшін белгіленген тәртіппен салық төлейтінін жеткізді.

Комментарии
Другие материалы