Меккедегі мешіттердің бірінде ер адам биіктен құлады

60
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uDgRfCC0mE4vsyhqmIieNznmfEmXnyq9CBcYWH2O.jpg

Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі Меккедегі Әл-Харам мешітінің жоғарғы қабатынан ер адамның құлағаны жөнінде ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Khaleej Times хабарлады.

Мешіттің қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болып, ғимараттың жоғары бөлігінен секірген. Оқиға кезінде жақын маңда болған қауіпсіздік қызметкері оны тоқтатуға тырысқанымен, салдарынан өзі де жарақат алған.

Қазіргі таңда екі адам да ауруханаға жатқызылып, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Ведомство өкілдері аталған жағдайға қатысты барлық құқықтық және ресми тексеру жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

Оқиғаға байланысты пікір білдірген Әл-Харам мешітінің бас имамы Абдуррахман ас-Судайс қажыларды қасиетті мекеннің тәртібін қатаң сақтауға шақырды. Ол мешітке келген әрбір адамның ислам әдебін ұстанып, өзін тек құлшылық пен дұғаға арнауы қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ бас имам ислам шариғатының негізгі мақсаттарының бірі – адам өмірін қорғау екенін еске салды. 

Комментарии
Другие материалы