Армения Премьер-министрі жүк транзитін бұғаттаудан босатқаны үшін Әзербайжанға алғыс білдірді

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/s4z7k0u0iqmDGlCCG5LnMlpowehBZgpmuLV1Oeiv.jpg

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян жүк транзитін бұғаттаудан босату жөніндегі шешімі үшін Әзербайжанға алғыс білдірді, деп хабарлайды “Адырна”.

Report агенттігінің хабарлауынша, ол бұл туралы Санкт-Петербург қаласында өткен Еуразиялық экономикалық жоғары кеңестің отырысында мәлімдеді.

Никол Пашинян аталған шешім өңірдегі барлық елдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын және ЕАЭО аясындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ ол Әзербайжанмен қарым-қатынастағы одан әрі сындарлы өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, олардың сауданы дамытуға, логистикалық үдерістерді жақсартуға және өңірлік экономикалық тұрақтылықты күшейтуге жол ашатынын айтты. Премьер-министр өз сөзінде цифрландыруды дамыту және реттеуші рәсімдерді жеңілдету арқылы экономикалық үдеріс қатысушылары үшін тең жағдай жасау қажеттігін де атап өтті.

Бұдан бөлек, Армения Үкіметінің басшысы ЕАЭО-ның Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай және Үндістан сияқты негізгі серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын атап өтіп, бұл сыртқы сауданы әртараптандыруға және ЕАЭО-ның жаһандық аренадағы ұстанымын нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Комментарии
Другие материалы