Қазақстан ЕАЭО-да жалақысы төмендеген жалғыз ел атанды

179
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VoqXR15OsWpPX7JdPq5SGAd3Mmcn9V8M1XoDJuVt.webp

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша атаулы орташа айлық жалақы 433,3 мың теңгені құрады. Атаулы мәнде көрсеткіш 10,6%-ға артқанымен, нақты мәнде 0,4%-ға төмендеген. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның экспресс-есебінде көрсетілген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Есепте Қазақстандағы орташа жалақының 833 доллар екені де атап өтілген. Бұл — ЕАЭО елдері арасындағы 5 мемлекеттің ішінде үшінші көрсеткіш.

Жалақы мөлшері Ресейде – 1 137$, Беларусьте – 851$, Арменияда – 759 және Қырғызстанда 490 долларды құрап отыр.

Қырғызстандағы жалақы деңгейі салыстырмалы түрде төмен болғанымен, ел нақты орташа жалақының ең жоғары өсімін көрсетіп отыр. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға жоғары. Ал Қазақстан ЕАЭО бойынша жалақының нақты өсімі болмай, керісінше төмендеген (-0,4) жалғыз мемлекет болды.

Комментарии
Другие материалы