Каспий желісіндегі шабуыл. Америкалық компания мәлімдеме жасады

430
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Hj7KneKRWNITB1ep2yA9VVw4sKQRGSsSN8zoJQGD.webp

Америкалық мұнай-газ компаниясы Chevron Каспий құбыр консорциумы терминалына жасалған шабуылға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеп.

Каспий құбыры желісі мұнай құбыры жүйесінің көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігі үшін аса маңызды экспорттық бағыт екенін атап өтті.

Компания мәлімдемесінде:

«Каспий құбыр консорциумы – Қазақстанда өндірілетін мұнайды халықаралық нарықтарға жеткізетін негізгі экспорттық маршрут. Оның үздіксіз жұмысы тек өндірушілер үшін ғана емес, сонымен қатар осы тасымалдау жүйесіне энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан тәуелді көптеген елдер үшін де шешуші маңызға ие», - делінген.

29 қараша күні Каспий құбыры желісінің үш сыртқы айлақтарының бірі мұнай терминалына жасалған шабуыл салдарынан қатты зақымданды. Консорциум қызметкерлері мен мердігерлер арасында зардап шеккендер жоқ.

Қазақстанның энергетика министрлігі бұл оқиғаға байланысты пікір білдіріп, азаматтық мақсаттағы маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдардың жол берілмейтінін айтты. Сондай-ақ министрлік экспорттық мұнай көлемін балама бағыттарға қайта бөлу бойынша шұғыл жоспар іске қосылғанын хабарлаған еді.

Комментарии
Другие материалы