Ресейде алғашқы гуманоид-робот тәлтіректеп жүріп құлап қалды

836
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SOfTDOoUTb1d8SHLxzg1ih9BvYyIeeynI6VUYQQF.jpg

Ресейде адам тәрізді «Aidol» роботының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жаңа технологиялық коалиция» компаниясы әзірлеген роботтың таныстырылымы Мәскеуде өткке. Кадрларда роботтың бірнеше қадам жасап, қол бұлғағаны, содан кейін тепе-теңдігін жоғалтып, құлағаны көрінеді. Құлаған кезде оның қаптамасының кейбір бөліктері сынып қалған.

Компанияның бас директоры Владимир Витухиннің айтуынша, робот түрлі жағдайларда сыналған, ал құлау оқиғасы жарықтың жеткіліксіздігінен немесе кернеу ақауынан болуы мүмкін.

«Жағдай расында өзгеше болды. Соның ішінде жарықтандыру деңгейі де басқаша болды. Мүмкін, кернеуде қандай да бір ақау болған шығар»,- деді ол.

Витухиннің мәліметінше, роботтың 77 пайызы отандық бөлшектерден жасалған. Ол қозғала алады, заттармен әрекеттесіп, сөйлесе алады. Бет бөлігінде 19 сервоқозғалтқыш орнатылған, олардың көмегімен робот 12 негізгі эмоцияны бейнелей алады.

Айта кетейік, Aidol интернетке қосылмай-ақ жұмыс істейді. Ол қызмет көрсету саласында, өнеркәсіп пен қоғамдық кеңістіктерде жұмыс істеуге арналған.

Комментарии
Другие материалы