Желіде араздық тудырған Алика Мұхамадиева 3,5 жылға сотталды

925
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uVDovOUZR8hgmCnwUkVxp1kGaasdFQfGeXMG3wyV.webp

Бүгін Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты үкім шығарылды. Ол әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ жазасы 2 жылға кейінге қалдырылды, себебі кішкентай баласы бар, деп хабарлайды “Адырна”.

Прокурор айыпталушыға 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, алайда үкімнің орындалуын төрт жылға — оның қызы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдыруды өтінді.

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының соты Алика Мұхамадиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған айыптау үкімін шығарды.Осы үкіммен оған Қылмыстық кодекстің 74-бабының тәртібінде жазаны орындауды кейінге қалдыру шарасы тағайындалды. Кейінге қалдыруды қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды. Алика Мұхамадиева 3,5 жылға бас бостандығынан айырылатын болды. 

Еске салайық, Алика Мұхамадиева шілде айында әлеуметтік желіде жариялаған қорлайтын жазбалары мен пікірлері үшін ұсталған. Ол қазақстандықтарды «мамбет», мұсылмандарды «доңыз», ал қазақ тілін «жартылай қалбит диалектісі» деп атаған.

Бұл жазбалар қоғамда үлкен наразылық туғызды. Артынша Алика видео арқылы кешірім сұрап, өз әрекетіне өкінетінін айтты. Бірақ бұл оның жағдайын жеңілдетпеді – оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша іс қозғалды.

Бүгін сотта Мұхамадиева көзіне жас алып, көпшіліктен кешірім сұрады.

«Қатты ұяламын, кінәмді мойындаймын. Менің кішкентай қызымның бар екенін ескерулеріңізді сұраймын. Адам қолында бардың қадірін оны жоғалтқанда ғана түсінеді», — деді ол.

 

Комментарии
Другие материалы