Есірткіге қарсы рейд. 60-тан астам адам мерт болды

1038
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0UiDYR8b2HcpZGWYynVAWmlrFqh1oKWvabgWWiSW.jpg

Рио-де-Жанейрода есірткі саудасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы жүргізілген ауқымды полиция рейді кезінде кемінде 64 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Қаланың солтүстігінде орналасқан Комплексо-ду-Алемао және Комплексо-да-Пеньяфавелдерінде «Comando Vermelho» картеліне қарсы жүргізілген қарулы операция 17 сағатқасозылған. Рейдке әуе полициясы мен арнайы жасақтар қатысқан.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, кемінде 2500 қауіпсіздік қызметкері операцияға жұмылдырылып, шамамен 100 тұтқындау ордерін орындау көзделген. Полицияның айтуынша, бұл шара қылмыстық топтың бір жыл бойы зерттелген әрекеттері негізінде үйлестіріліп жүргізілген.

Ресми деректерге сүйенсек, қаза тапқандардың көбі — қылмыстық топ мүшелері. Одан бөлек,4 полиция қызметкері мерт болып, тағы 15 қызметкер жараланған.

Рио-де-Жанейро штатының губернаторы Клаудио Кастро қала тарихындағы ең ірі операциялардың бірі кезінде қылмыс жасаған деген күдікке ілінген 60 адамның “залалсыздандырылғанын” хабарлады.

Операция барысында 80 күдікті ұсталып, олардың қатарында картель басшыларының бірі де болған. Сондай-ақ шамамен 100 атыс қаруы тәркіленді. Штат билігінің мәлімдеуінше, қаза тапқандар полицияға қарсылық көрсеткен. Рейдке жауап ретінде қылмыстық топ мүшелері атыс ұйымдастырып, Рио-де-Жанейроның солтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктеріндегі жолдарды жауып тастаған.

Комментарии
Другие материалы