Алматыдағы бала өлімі. Қор балалар омбудсменінің қызметін сынады

1251
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/U1gkspQ2l3EpcRoDPCE7srkSZ2HUf66Pashx71Nr.webp

Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева 6-сынып оқушысының қайғылы қазасынан кейін сынға қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Желіде Алматы облысында 6-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады деген мәлімет тарады. 

«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Смаилованың айтуынша, бұл отбасының жағдайы туралы бұған дейін мемлекеттік органдар мен полицияға хабарланған. Қор басшысы бұл жағдайға қатысты  қажетті шаралар қабылданбағанын айтқан.

Динара Закиева әлеуметтік желідегі жазбасында аталған отбасы жөнінде өзіне ешқандай ақпарат түспегенін айтты.
Бұл жағдайға балалар омбудсмені пікір білдірген. 

«Омбудсмен әрбір полиция немесе қорғаншылық органы қызметкерінің әрекетін жеке қадағалай алмайды. Полицияның жұмысын ІІМ, ал қорғаншылық қызметін әкімдіктер бақылайды», — деп жазды ол. Сондай-ақ, ол қор тарапынан да ақпар болмағанын атаған.

Ал "Немолчи" қорының басшысы омбудсменнің әрекетін сынады.

«Динара Закиева біздің қорға айып тағуда, бірақ өзі барлық жағдайды бақылай алмайтынын мойындайды. Егер бақылау болмаса, демек, мемлекеттік органдардың жұмысы әлсіз, ал омбудсмен жүйелі жұмысты жолға қоя алмады. Оның үстіне, біздің нөмірлерімізді ол екі жылдан бері бұғаттап тастаған, өтініштерге жауап бермейді, тек резонанс болған кезде ғана әрекет етеді», — деді Смаилова.

Оның сөзінше, Закиева 6 миллиард теңге көлемінде қаржы алып, 112 отбасын қолдау орталығын ашқан.

Комментарии
Другие материалы